Accessibility links

Иран оппозициясы өзінің жақтастарын манифестацияға шығуға шақырды


Иран оппозициясы өзінің жақтастарын бүгін Теһранда наразылық шеруіне шығуға үндеді. Иран билігі дүйсенбі күні ел астанасында үкіметтің жақтастарының жаппай акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін полиция және қауіпсіздік күштері заңсыз шерулерге шыққандар қатаң жазаланады деп ескерткен болатын.

Жақында билік елде интернетке шығу жағдайын шектеді және шетелдік журналистерге шерулер өтіп жатқан орындарға бармауға кеңес берді. Жексенбі күні оппозиция жетекшісі Мирхоссейн Мусави реформашыл қозғалыс, биліктің қысымына қарамастан, өлген жоқ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG