Accessibility links

НАТО ауған соғысына көбірек әскер беруге сөз берді


НАТО-ға мүше 28 елдің әскери өкілдері бас қосып, Ауғанстанға көбірек қосымша жасақ жіберу мәселесін қарады.

Олардың кездесуі АҚШ президенті Барак Обаманың Ауғанстанға 30 мың әскер жіберу міндетемесінен кейін болып отыр.

Бельгиядағы НАТО әскерилерінің штаб-пәтерінде өткен конференция өткен аптада одақтас елдердің 7 мың қосымша күш жібереміз деген уәдесін нақтылайды.

Құрама Штаттар өзінің НАТО-дағы одақтастары ауған еліндегі талибан бүлікшілеріме күреске 10 мыңға дейін әскер жөнелткенін қалайды.

Жұма күні Брюсселде НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен альянстың 25 елі Ауғанстанға әскер жіберу міндеттемесін алған деді.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG