Accessibility links

Бағдадта мектептегі жарылыстан 8 адам қаза тапты


Бағдад қаласындағы мектепте жарылыс болып, сегіз адам қаза болды. Құрбан болғандардың 6-уы балалар және 40-тан аса кісі жарақат алды.

Ирақтың қауіпсіздік ресмилері жарылысқа алдыңғы хабарланғандай бомба емес, мектеп жанындағы жарылғыш заттар қоймасының жарылуы себеп болған.

Жарылыс Бағдадтың шииттер шоғырланған аймағында орын алды. Генерал Қассим Атта мектепке қару-жарақ тығып қойды деп шиит жауынгерлерін айыптады. Бірақ жарылысқа не түрткі болғаны айтылмады.

Кейбір нақтыланған хабарларға қарағанда, мектеп қызметкерлері ол маңда қоқысты өртеген соң, жарылыс болған.
XS
SM
MD
LG