Accessibility links

Қырғыз белсенділері бұрынғы министрді қолдап шеру өткізбекші


Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі Исмайл Исаковты қолдаушылар оның босатылуын талап етіп шеру өткізетіндіктерін мәлімдеді.

2005-2008 жылдары қорғаныс министрі болған, лейтенант-генерал Исаков Бішкектегі сотта жемқорлық істеріне байланысты тергеліп жатыр.

Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлағандай, оның үкімі дүйсенбі күні жариялануы керек болған. Бірақ судьяның денсаулығына байланысты сот тыңдаулары кейінге қалдырылған.

Прокурорлар Исаковқа 8 жыл беріп және оның мүлкін тәркілеуді, әскери шендерінен айыруды сұрап отыр.

Исаковты қорғау комитетінің өкілі айтқандай, бұрынғы министрдің туған жері Алай аймағындағы белсенділер осы аптада Қырғызстанның әр жерінде наразылық шеруін өткізбекші.

Исаковты қолдаушылар бұл іске президент Құрманбек Бакиевтің араласуын сұрап, оны босатуға шақырды. Исаковтың өзі кінәсіз екенін, бұл істің саяси астары бар екенін айтуда.
XS
SM
MD
LG