Accessibility links

Пешевардағы жарылыстан 10 адам қаза тапты


Пәкістанның Пешевар қаласындағы сот үйінің сыртында жанкештілік шабуыл орын алып, кемінде 10 адам құрбан болса, тағ 40 кісі жарақат алды.

Полицияның айтуынша, жанпидашы сот ғимаратына енбекші болған, оны қауіпсіздік қызметкерлері тоқтатқанда, аяғына салған бомбасын жарып жіберген.

Пәкістанның қауіпсіздік және үкіметтік құрылымдары бүлікшілердің басты нысанасына айналып отыр. Қараша айының ортасында жанкешті Пешавар сотының алдында жарылыс жасап, 19 адамды өлтірген.
XS
SM
MD
LG