Accessibility links

Румынияның қазіргі президенті Басеску жеңіске жетті


Румынияның қазіргі президенті Трайан Басеску президенттік сайлауда жеңіске жетті.

Орталық сайлау бюросының айтуынша, Басеску 50,3 пайыз дауыс жинаған. Ал оның қарсыласы солшылар кандидаты Мирча Джонэ 49,6 процент алған.

Дауыс берулерден кейінгі көрсеткіштерге сүйенген Басеску мен Джонэ екеуі де жеңіске жеткендерін айтқан.

Енді Басеску үкіметті жасақтап, 20 млд доллар болатын келісім бойынша келіссөздер жүргізу керек. Румынияның оппозициялық партиясы Басеску одақтастарын биліктен кетірген соң, өткен айда Халықаралық валюта қоры өзінің келісімін қайта қарауды тоқтатқан еді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG