Accessibility links

Иран Әзірбайжан азаматтары үшін виза тәртібін алып тастамақ


Иран Әзірбайжан елімен виза тәртібін алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаттықтың әзірбайжан қызметі хабарлады.

Әзірбайжандағы Иран елшісі Маммад Багир бүгін Бакудегі баспасөз мәслихатында, Әзірбайжан елінің әрбір азаматы Иранға визасыз барып, бір ай бойы қала алады деді.

Елшінің айтуынша, жаңа тәртіп қаңтардың 1-нен бастап күшіне енеді. Егер бәрі дұрыс болса, Иран әзірбайжандықтардың елде қалуын үш айға дейін созады деді.

Иран елшісі Әзірбайжан елі де ирандықтарға осындай виза жеңілдігін жасайды деген үмітін білдірді. Алайда Баку ирандықтар елге жаппай ағып келеді деп, ондай шешім қабылдамай отыр.

Бейресми мәліметтерге қарағанда, 70 млн Иран халқының 25 пайыздан астамы этникалық әзірбайжандар.
XS
SM
MD
LG