Accessibility links

АҚШ-тың қорғаныс министрі Гейтс күтпеген жерден Ауғанстанға барды


АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс жұмыс сапарын алдын-ала хабарламастан Ауғанстанға барды.

Кабулде журналистердің сұрақтарына жауап берген Гейтс осы сапары барысында Ауғанстан президенті Хамид Карзайдан «әділ» министрлер тағайындауын сұрайтындығын мәлімдеді. Сейсенбі күні Карзай парламентке үкіметтің кем дегенде 25 мүшесін ұсынуы тиіс.

Гейтстің сапарынан бір апта бұрын АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға қосымша үш мың сарбаз жіберу туралы шешім қабылдаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG