Accessibility links

Тайвань президентіне 15,5 мың доллар айыппұл салынды


Тайвань президенті Ма Ин-цзю аймақтық сайлау барысында сайлаушылар сауалнамасы мәліметтерін уақытынан ерте жариялағаны үшін 15,5 мың доллар айыппұл төлейді.

Сайлау комиссиясындағылардың хабарлауынша, мемлекет басшысы сайлауға дейін 10 күн қалғанда тікелей эфирде сауалнама мәліметтерін жариялап, сол арқылы заңды бұзған.

Президенттік партия өкілдері өздерінің көсемі тиісті айыппұлды төлейтіндігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG