Accessibility links

Ауғанстанда президент жаңа үкіметтің құрамымен таныстырады


Жақын күндері Ауғанстан президенті Хамид Карзай жаңа үкіметтің құрамын жариялайды.

Үш апта бұрын Карзай мемлекет басшысы ретінде ант қабылдады. Халықаралық қауымдастық елдегі сыбайласқан жемқорлықпен күресетін және бүлікші-тәлібтерді жеңетін үкімет жасақтауға президентті үгіттеп келеді.

Карзайдың өкілдері үкіметтің бірқатар өкілдерін парламентке мемлекет басшысы қазірдің өзінде таныстыруға дайын екендігін хабарлады. Бірақ заң шығарушылар болашақ министрлердің тізімін толық талқылауды талап етіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG