Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдар шамамен 100 адамның өмірін қиды


Полицияның хабарлауынша, бүгін Бағдадта орын алған бірқатар шабуылдардан 100 адам қаза тауып, 130-дан аса кісі жарақат алды.

Хабарларға қарағанда, Ирақ астанасында бес бірдей жарылыс болып, оның үшеуі көлікке қойылған үлкен бомба жарылысы болды. Полицияның айтуынша, алыстан басқарылған бомба жарылыстары бірінен кейін бірі іске қосылған.

Бұл қарашаның 25-де 155 адамның өмірін қиған Бағдадтағы бомба жарылысынан бергі өте үлкен бомбалар болды.

Ирақ ресмилері мен АҚШ әскерилері ақпан айында өтетін жалпы сайлаулар алдында шабуылдар көбейіп отырғанын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG