Accessibility links

АҚШ пен Ресей БҰҰ сотында Косовоға қатысты пікірлерін айтады


Өткен жылы Косовоның Сербиядан бөлініп шығып, тәуелсіздік жариялауына байланысты пікірлері екіге жарылған Құрама Штаттар мен Ресей сейсенбі күні халықаралық әділет сотында Косово тәуелсіздігінің заңдылығына қатысты ойларын ортаға салады.

АҚШ Косово тәуелсіздігін қолдаған негізгі ел болса, Ресей Сербия жағына шығып, қарсы ұстанымда отыр. Екі елдің ресми өкілдері БҰҰ-ның соты алдында 45 минут бойы өз ұстанымдарын танытуы керек.

Желтоқсанның 1-де ашылған тыңдауларда Сербия Косовоны заңға қайшы әрекет етті деп айыптады.

Тыңдаулар 11-ші желтоқсанға дейін созылып, оған 29 елдің өкілі қатысып, куәлік жасайды.
XS
SM
MD
LG