Accessibility links

Куәгер Тағаев өзін Жантелеевке қарсы куәлік беруге мәжбүрлегенін айтқан


Қаржы полициясы департаменті басқармасының орынбасары Айдын Жантелеев ісіне қатысты тергеуге алынған Мұхит Тағаевтың жаңа адвокаты өзінің қорғауындағы адамды Алматы қалалық ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері жалған куәлік жасауға қысым жасаған деді.

Адвокат Олен Исхаковтың айтуынша, Тағаевқа қауіпсіздік қызметкерлері Жантелевке қарсы айғақтар келтір деп, «біз бірге анаша шегіп жүрдік, бірнеше рет Жантелеевтің сұрауымен оның жұмысына есірткі заттарын әкеліп бердім деген сөздерді мәжбүрлеп айтқызған.

Және Тағаев отырған құпия пәтерде оған қауіпсіздік қызметкерлері әлі де қысым жасап, айтқаныңнан бас тартпа деп қорқытып жатыр деді оның адвокаты Исхаков.

Сонымен қатар Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген оның анасы Жамал Соқбаева да баласы құқық органдарының құрбаны болып отырғанын айтты.

Жақында Айдын Жантелеевтің ісін қолына алған Бас прокуратура оның ісінде қылмыстық құрам жоқ деп Жантелеевті тергеуден босатып, оған қарсы куәлік жасаған Мұхит Тағаевты қамауда қалдырған болатын.
XS
SM
MD
LG