Accessibility links

Ресейдің зейнеткерлері наразылық шарасын өткізді


Ресейдің Удмурт республикасының астанасы Ижевск қаласында 300-ден аса зейнеткер шеруге шығып, қоғамдық көліктерде жүру үшін беріліп келген билеттерінен айрылып отырғанына наразылық танытты.

Азаттықтың орыс қызметінің хабарлауынша, осы жылдың басында Ресей билігі зейнеткерлерге қоғамдық көлікте жүру үшін арзан билет беруді тоқтату жөнінде шешімге келген.

Қаңтардың 1-нен басталатын бұл қадамға Ижевск қаласының егде жастағы тұрғындары сегізінші рет шеру өткізіп отыр. Олар Удмуртия парламентінің алдына ұрандар мен туларын алып шыққан. Ел парламенті 2010 жылға арналған бюждетті қарауы керек.

Шеруші зейнеткерлер жол жүру ақысына байланысты шешім үшін Ресей билігінің Единая Россия билігін кінәлап отыр.
XS
SM
MD
LG