Accessibility links

Карзай: Үкімет қауіпсіздік күштерін 15-20 жылға дейін құра алмайды


Президент Хамид Карзай Ауғанстанның өз қауіпсіздік күштерін алдағы 15-20 жылға дейін қаржыландыруға мүмкіндігі жоқ деді.

Карзай бұл туралы Кабулға барған АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтспен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Гейтс Ауғанстанға сапарында Құрама Штаттардың міндетемелерін қайталап, АҚШ Ауғанстаннан бұрылып, халықты тастап кетпейді деді.

Гейтс сейсенбі күні күтпеген жерден Ауғанстанға барды. Ол АҚШ-тың Ауғанстан бойынша жаңа стратегиясы жарияланып, бұл елге 30 мың американдық жасақ жіберу жоспарынан кейін Кабулға барған Обама әкімшілігінің бірінші ресми адамы болды.
XS
SM
MD
LG