Accessibility links

Мәскеу мен АҚШ ядролық қару келісіміне осы айда қол қояды


Бүгін Кремлдің ресми өкілі Ресей мен Құрама Штаттар жаңа ядролық келісімге желтоқсан айында қол қояды деп айтты.

Интерфакс пен РИА новости ақпарат агенттіктері президент кеңесшісі Аркадий Дворкович Мәскеу мен Вашингтон бұрынғы стратегиялық ядролық қаруды азайту келісімінің орнын басатын құжат бойынша келіссөздерді аяқтап қалды деді.

1991 жылы қол қойылған Стратегиялық қаруды азайту келісімі өткен аптада аяқталған.

Шілде айындағы Мәскеу саммитінде АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев жаңа келісімнің аясында ядролық оқтұмсықтар санын азайтуға келіскен.
XS
SM
MD
LG