Accessibility links

Теһран: АҚШ ирандық ядролық ғалымды ұстап әкеткен


Бүгін Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Құрама Штаттарды ирандық ғалымды ұрлап әкетті деп айыптады.

Иранның атом энергиясы ұйымында жұмыс істеп жүрген Шахрам Амири маусым айында Сауд Арабиясына барғанда жоғалып кеткен.

Ирандық телеарна хабарларында, министр Моттаки журналистерге, оны американдықтар ұстап әкетті деп айта келе, иран үкіметі АҚШ ядролық ғалымымызды қайтарады деп күтеді деген.

Иран сондай-ақ Сауд Арабияны да кінәлап, әр-Рияд Амириді Вашингтонға беріп жіберді деді. Құрама Штаттар бұл айыпты жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG