Accessibility links

Иран оппозициясы тағы да шеру өткізді


Теһранда иран оппозициясының наразылық акциялары екінші күні де қақтығыстарға ұласты.

Хабарларға қарағанда шеруге шыққандардың билік өкілдерімен қақтығы кезінде көзден жас ағызатын газ пайдаланылған.

Дүйсенбі күні оппозициялық шерулер барысында ондаған кісі ұсталған болатын.

Ирандағы толқулар оппозицияның биыл жазда президент сайлауында Махмуд Ахмадинежадтың жеңісін мойындамауынан басталған еді.
XS
SM
MD
LG