Accessibility links

Бағдаттағы жарылысты «Әл-Қаида» ұйымдастырған деген күдік бар


Ирақ билігі сейсенбі күні ел астанасында тіркелген жарылысқа «Әл-Қаида» содырларының қатысы бар болуы мүмкін деген болжам жасайды.

Бағдаттағы шабуылдардан 127 адам қаза тауып, 500-ден аса кісі жарақат алды.

Полицияның хабарлауынша, алыстан басқарылған бомба жарылыстары бес жерде бірінен кейін бірі іске қосылған. Шабуылдар полиция бекетін, екі министрлік орналасқан үкіметтік мекемелерді нысанаға алған.

Ирақ ресмилері мен АҚШ әскерилері ақпан айында өтетін сайлау қарсаңында шабуылдар көбейіп отырғанын ескертті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG