Accessibility links

Кабул НАТО-ны бейбіт тұрғындардың өлімі үшін айыптады


Ауғанстан үкіметі НАТО әскерлерінің елдің шығысындағы Лагман провинциясындағы операциясы барысында алты бейбіт тұрғын қаза болды деп хабарлады.

Президент Хамид Карзай бұл жағдайды «бейкүнә кісілерді өлтіру» деп атады. НАТО басшылығы болса сейсенбі күні таңертеңгі атыстарда бейбіт тұрғындар зардап шекпеді, содырлар ғана өлтірілді деп отыр.

Бейбіт ауғандықтардың қаза болуына байланысты Лагман провинциясының астанасы – Мехтар-Лам қаласының көшелерінде наразылық шерулері болды. Соның барысында орын алған қақтығыстардан тағы екі кісі қаза болды.
XS
SM
MD
LG