Accessibility links

Депутат Өнербаев «Келін» фильмін сынады


Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Өнербаев «Оскар» сыйлығына ұсынылған «Келін» фильмі қазақстандық киноның атынан шығуға лайықты емес деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні төменгі палатаның жалпы отырысында Өнербаев мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атына отандық киноның сапасына қатысты депутаттық сауал жолдады.

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі америкалық кино академиясының байқауында «Үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша сынға түседі.
XS
SM
MD
LG