Accessibility links

Алматыда ұлттық бірлік доктринасын талқылау уақытша тоқтатылды


Алматы қаласында ұлттық бірлік доктринасын талқылауға мораторий енгізілді деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов.

Оның айтуынша, талқылаулар құжатқа жаңа түзетулер енгізілгенге дейін тоқтайды. Ұлтшыл-патриоттық ұйымдардың өкілдері доктринаға өз ұсыныстарын тапсыруды қалады. Қазақстан халқы ассамблеясы соны қарастырған соң талқылаулар қайта жалғасады деді Сейдуманов.

Алайда Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі Айдос Сарым бұл жерде өзгертулер емес, оппозицияның доктринаға балама болатын жаңа құжат әзірлеуі туралы келісілген деп айтып отыр.
XS
SM
MD
LG