Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Кабулға барды


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Кабулдағы НАТО орталығына барып, Ауғанстанға жіберілетін қосымша күштер Талибанға қарсы сегізжылдық соғысты өзгертетін болады деп мәлімдеді. Одақтас елдердің жақсарған ынтымақтастығы мен АҚШ-тың Ауғанстандағы жаңа стратегиясы сәттілікке жеткізеді деп атап көрсетті Гейтс.

Таяуда АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға қосымша 30 мың сарбаз жіберетіндігін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG