Accessibility links

АҚШ өкілі Пхеньянмен келіссөздерін «өте пайдалы» деп атады


АҚШ-тың Пхеньянға жіберілген арнайы өкілі Солтүстік Кореямен өткізген келіссөздерге «өте пайдалы» деген баға берді.

Американдық дипломат бұл келіссөздердің нақты нәтижесі туралы ештеме айтпады. Ол КХДР өкілдерімен кездескен. Босуорт Пхеньянды ядролық бағдарламасы бойынша алты жақты келіссөздерге оралуға көндіруі тиіс болатын.

КХДР халықаралық келіссөздерді сәуір айында тоқтатты, содан кейінгі уақытта Пхеньян ядролық және бірнеше мәрте зымыран сынақтарын өткізді.
XS
SM
MD
LG