Accessibility links

Бішкекте саясаттанушы соққыға жығылды


Сәрсенбі күні Бішкекте қырғызстандық саясаттанушы соққыға жығылды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Төрт адам Александр Князевті оның пәтері жанында ұрып-соғып, тонап кеткен. Князевтің айтуынша, шабуылдаушылардың бірі "бұл сенің саясатың үшін" деп айқайлаған.

Танымал саяси сарапшы Князев Қырғызстан үкіметінің сыртқы саясатын жиі сынға алады. Ол сондай-ақ ТМД институтының Бішкектегі кеңсесін басқарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG