Accessibility links

Обамаға Нобель бейбітшілік сыйлығы тапсырылды


Норвегия астанасы Ослода АҚШ президенті Барак Обамаға Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы берілді. Обама бұл сыйлықты "үлкен ризашылықпен" қабыл алды.

Ол бейсенбі күні марапаттау рәсімі алдында сөйлеген сөзінде Нобель бейбітшілік сыйлығына тұрарлық басқа да адамдардың бар екеніне күмән жоқ деп мәлімдеді. Қазан айында Норвегияның Нобель комитеті Обаманы халықаралық дипломатия мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Нобель бейбітшілік сыйлығымен марапаттаған болатын.
XS
SM
MD
LG