Accessibility links

АҚШ, Ұлыбритания және Франция: Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін


АҚШ, Ұлыбритания және Франция егер Теһран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық бағдарлама туралы резолюциясын тез арада қолға алмаса, онда оған қарсы санкциялар енгізілуі мүмкін екендігін ескертті.

Үш елдің өкілдері иран АЭС-теріне уран отынын шетелде байыту туралы халықаралық ұсыныстарды Иранның қабылдамауына байланысты өз реніштерін білдірді.

Дипломаттар Қауіпсіздік кеңесінің санкциялар жөніндегі комитет баяндамасы тыңдалған жиынында сөз сөйледі. Форумда бұл санкциялардың, атап айтқанда Иранға қару тасуға салынған тыйымның жақында ғана бұзылғандығы да баяндалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG