Accessibility links

ҰҚК: «Мұхит Тағаевқа қысым көрсетілген жоқ»


Алматы қаласы қаржы полициясы бастығының орынбасары Айдын Жантелеевтің ісі бойынша куәгер Мұхит Тағаевқа ұлттық қауіпсіздік комитеті органының қызметкерлері тарапынан қысым көрсетілген жоқ деп хабарлады ҰҚК.

Мекеме таратқан мәлімдемеде «Исхаков мырзаның, 8 желтоқсанда баспасөз конференциясында, өз қорғауындағы Тағаев Алматы қаласы ҰҚКД қызметкерлерінің қысымымен куәлік етті деп хабарлауы шындыққа жанаспайды» делінген.

Мұхит Тағаевтың анасы Жамал Соқбаева мен адвокат Олен Исхаков, Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, ҰҚК-нің қызметкерлері куәгерді жалған куәлік беруге мәжбүрлеген деп мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG