Accessibility links

HRW: Өзбекстан билігі адам құқығын қорғаушыларға қысымын күшейтті


Human Rights Watch ұйымы Өзбекстан билігі елдегі адам құқығын қорғаушыларға қысымын күшейтті деп хабарлады.

Ұйым мәлімдемесінде Өзбекстанда, 27 желтоқсанда өтетін сайлау қарсаңында, адам құқығын қорғаушы қозғалыстардың белсенділеріне шабуыл жасау және оларды қорқыту әрекеттері күшейді делінген.

Бұдан бөлек, ұйым АҚШ және Еуропалық Одақ Өзбекстандағы адам құқығының бұзылу жағдайына мән беруін азайтып, «үнсіз дипломатияға» көшті деп сынаған.
XS
SM
MD
LG