Accessibility links

Ресей полицейі журналисті өлтіргені үшін 2 жылға түрмеге жабылды


Ингушетиядағы полиция қызметкері абақтыдағы танымал оппозициялық тілшіні атып өлтіргені үшін екі жылға түрмеге жабылды. Ингушетияның негізгі оппозициялық вебсайтының редакторы Магомед Евлоев 2008 жылдың тамыз айында жергілікті әуежайда ұсталған соң атып өлтірілген болатын. Полицияның айтуынша, ол қақтығыс барысында оққа ұшқан.

Жұма күні Карабулак қаласындағы сот ингушетиялық ішкі істер министрінің оққағарларының басшысы болған полиция қызметкері Ибрагим Евлоевты абайсызда адам өлтірді деген айып бойынша айыпты деп тапты.

Оппозиция жетекшілерінің айтуынша, журналист Евлоев әдейі өлтірілген. Оның отбасы апелляциялық шағым түсіретіндігін хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG