Accessibility links

Ху Цзиньтао Астанаға газ құбырын ашуға келді


Сенбі күні Астанаға Қытай халық республикасының төрағасы Ху Цзиньтао ұшып келді. Ресми ақпар бойынша, Қытай төрағасы Астанаға Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігінің 18 жылға толуы қарсаңынеда келуі екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің зор маңызын аңғартады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай төрағасы «Түркіменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші тармағын іске қосу салтанатына қатысады. Олар бұл құбылысты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Астанадағы кеңсесінен бейнебайланыс арқылы бақылайтын болады.

Одан кейін Ақордада Назарбаев пен Циньтао бастаған делегациялардың кең келіссөзі өтеді.

Қазақстандық белгілі қытайтанушы Мұрат Әуезовтің атап көрсетуінше, бұл сапар аталмыш газ құбырының жобасына ресми Бейжіңнің қаншалықты мән беріп отырғанын байқатады.

Жексенбі күні Қытай төрағасы Ху Цзиньтао сапармен Түркіменстанға ұшып баруға тиіс.
XS
SM
MD
LG