Accessibility links

Иранға қарсы жаңа санкциялар қабылдануы мүмкін


Өзінің ядролық мәселесі бойынша Иранның халықаралық қауымдастықпен ынтымақтасудан бас тартуы ескерусіз қалмайды. Америка Құрама Штаттары осылай деп ескертеді.

Ақ үйдің ресми өкілі Роберт Гиббс Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын дипломатиялық жолмен шешілуіне АҚШ-тың әлі де үміт артып отырғанын шегелеп айтты.

Жұма күні Еуропа Одағының басшылығы Иранға қарсы жаңа санкциялар қабылдауға әзір екенін мәлімдеді. Ресми Брюссельдің мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, егер БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі тиесілі қарар қабылдайтын болса, онда ЕуроОдақ оны қолдауға дайын.

Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі проблеманы шешудің халықаралық қауымдастық ұсынған жолын қабылдауына және тағы басқа проблеманы, оның ішінде адам құқының ахуалына қатысты проблеманы шешуіне Теһранға жыл соңына дейін уақыт берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG