Accessibility links

Түркияда күрд партиясына тыйым салынды


Еуропа Одағы Түркияның Конституциялық сотының күрдтердің Демократиялық қоғам партиясына тыйым салатын қаулы қабылдауына наразылық білдірді. Қазір ЕуроОдаққа төрағалық ететін Швецияның өкілі мәлімдегендей, бұл қаулы азын-аулық күрд ұлтының құқын бұзады.

Мәлімдемеде айтылғандай, ЕуроОдақ қантөгіс пен терроризмге қарсы, алайда саяси партияларды тарату – сабырлықты талап ететін және өте сирек қолданылатын айрықша шара деп санайды.

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Конституциялық соттың қаулысын Түркияның ішкі ісі, бірақ саяси бостандықты шектеуге өте байыпты қарау керек деп мәлімдеді.

Жұма күні Түркияның Конституциялық соты күрдтердің түрік парламентіндегі жалғыз өкілі болып табылатын Демократиялық қоғам партиясына тыйым салды. Партияны күрд сепаратистерімен байланысы бар деп айыптады. Аталған қаулы бүкіл Түркияда күрдтердің наразылық толқынын көтерді.
XS
SM
MD
LG