Accessibility links

Ресейлік «ЛукОйл» Ирақта мұнай өндіреді


Ирактың мұнай өнеркәсібі министрі Хусеин Әш-Шаһиристани шикізат көздерін игеру туралы жаңа келісім-шарттар мен үкіметтің қазіргі күш-жігері тәулігіне 12 миллион баррель мұнай өндіруге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

Әш-Шаһиристани ірі мұнай көздерінің кейбірін игеру туралы 2 күндік келіссөз бен оның ізінше тиесілі келісім-шарттарға қол қойылған соң осылай деп мәлімдеді.

Ресейдің «ЛукОйл» компаниясы бастаған консорциум Ирақтың айтарлықтай тыныш оңтүстігіндегі өте ірі «Курна-2» мұнай көзін игеру құқын жеңіп алды. Бұл жобаның 85 пайызы Ресейдің «ЛукОйл», 15 пайызы – Норвегияның «СтатОйлХайдро» компаниясының үлесінде.

Жоба бойынша тәулігіне 1.8 миллион баррель шикізат өндіру көзделіп отыр.
XS
SM
MD
LG