Accessibility links

Қазақстан мен Қытай басшылары газ құбырын іске қосты


Сенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай төрағасы Ху Цзиньтао газ құбырын іске қосу рәсіміне қатысты. Олар бұл құбылысты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Астанадағы кеңсесінен бейнебайланыс арқылы бақылады.

Одан кейін Ақордада Назарбаев пен Циньтао бастаған делегациялардың кең келіссөзі өтеді.

Қытай халық республикасының төрағасы Ху Цзиньтао Астанаға сенбі күні ұшып келді. Ресми ақпар бойынша, Қытай төрағасының Астанаға Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігінің 18 жылға толуы қарсаңында келуі екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің зор маңызын аңғартады.

Ал белгілі қытайтанушы Мұрат Әуезовтің атап көрсетуінше, «Түркіменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші тармағын іске қосу салтанатына қатысу үшін Ху Цзиньтаоның келуі осы газ құбыры жобасына ресми Бейжіңнің қаншалықты мән беріп отырғанын байқатады.

Жексенбі күні Қытай төрағасы Ху Цзиньтао сапармен Түркіменстанға ұшып барып, дүйсенбі күні жылына 40 миллиард текше метр газ тасымалдайтын «Түркіменстан-Қытай» газ құбырының бірінші тармағын ашу рәсіміне қатысуға тиіс.

Ашхабадқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та барады деген ақпар бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG