Accessibility links

Ақ үй Гуантанамо түрмесін жауып, ондағы тұтқындарды өзге жерлерге жібермек


Америка Құрама Штаттары терроризммен айналысты деген күдікпен өзінің Гуантанамо соғыс базасындағы түрмеде отырған тұтқындарды қабылдауды өтініп Болгарияға өтініш берді.

Болгарияның сыртқы істер министрі Цветан Цветанов хабарлағандай, АҚШ-тың бұл өтініші парламентте талданады. Министрдің атап көрсетуінше, Болгарияның бұл мәселені шешуге қатысуы шамалы ғана болады.

Гуантанамодағы таяуда жабылуға тиісті түрмеде 200-ден астам тұтқын отыр. Олардың бір бөлігін АҚШ өзге елдерге жөнелтпекші, бірақ тұтқындарды қай елдердің қабылдай қоятыны әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG