Accessibility links

Абхазия: президент сайлауы дау туғызуы мүмкін


Жексенбі күні Абхазияда сенбі күні болып өткен президент сайлауының бастапқы ресми нәтижесі жариялануға тиіс. Бастапқы мәліметке қарағанда, қазіргі президент Сергей Багапш көш бастаған тәрізді.

Қоғамдық сауалнаманың қорытындысына сәйкес, Багапш 57 пайыз, кәсіпкер Беслан Бутба – 18, Абхазияның бұрынғы вице-президенті Рауль Хаджимба – 15 пайызға жуық дауыс жинады.

Оппозицияның үміткерлері сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен дауыс беру кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол берілгенін мәлімдеді. Оның ішінде Хаджимба егер Орталық сайлау комиссиясы Сергей Багапшты бірінші турда жеңді деп жариялайтын болса, онда сайлаудың ресми нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG