Accessibility links

Клинтон Қазақстанды тәуелсіздік күнімен құттықтады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қазақстан халқын ел тәуелсіздігінің 18 жылдығымен құттықтады. Желтоқсанның 14-де жарияланған мәлімдемесінде Клинтон АҚШ пен Қазақстан арасындағы өзара құрмет пен өзара мүдде негізінде құрылған әріптестік екі елдің қауіпсіздігі мен өркендеуін күшейтеді деген.

"Қазақстан өзінің ядролық арсеналынан бас тартып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі жетекші елге айналу арқылы әлемдегі бейбітшіл халықтардың құрметі мен ризашылығына ие болды. АҚШ келесі жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалықты қабылдайтын Қазақстанның халықаралық деңгейде жетекшілік көрсетуін асыға күтеді", - делінген Клинтонның мәлімдемесінде.

16-желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG