Accessibility links

ЕуроОдақ Абхазиядағы сайлауды мойындамады


ЕуроОдақ төрағалығындағы Швецияның айтуынша, Еуропа Одағы Грузияның жікшіл аймағы - Абхазиядағы президент сайлауын мойындамайды. "ЕуроОдақ халықаралық заңда мойындалғанындай Грузияның территориялық біртұтастығы мен егемендігін қолдайды", - делінген ЕуроОдақ мәлімдемесінде.

Абхазияда сенбі күнгі сайлауларда сепаратистік жетекші Сергей Багапш жеңіске жетті. Бұл дауыс берулерді әлемдегі елдердің басым бөлігі мойындамады бірақ Ресей оны мадақтады.

Абхазияның тәуелсіздігін тек Мәскеу мен Венесуэла және Никарагуа ғана қолдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG