Accessibility links

Копенгагенде шерушілер полициямен қақтығысты


Дания астанасында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі проблемаларын шешуге арналған халықаралық конференциясы барысында наразылық шеруіне шыққан жүздеген адам полициямен қақтығысып қалды.

Хабарларға қарағанда, манифестшілер Копенгагендегі «еркін қала» ауданында баррикада тұрғызып, кейін соған өрт қойған.

Полиция оларға қарсы көзден жас шығаратын газ бен су жастықшаларын пайдалануға мәжбүр болды.

Соңғы үш күннің ішінде қалада мың үш жүзге жуық адам ұсталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG