Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Ил-76 ұшағының ұсталуына байланысты мәлімдеді


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, КХДР-ның қаруы тиелген жүк тасығыш ұшақтың Таиландта ұсталуына байланысты, барлық елдерді Пхеньянға қатысты санкцияларды мүлтіксіз орындауға шақырды.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Солтүстік Кореяға байланысты енгізілген санкциялар «жұмыс істей алайды» деп атап көрсеткен еді.

12 желтоқсан күні Бангкокте ұсталған Ил-76 ұшағының бортынан 35 тонна жарылғыш, реактивті граната және «жер-ауа» сипатындағы зымырандардың құралғылары табылды. Ұшақ экипажының төрт мүшесі - Қазақстан азаматтары.

Жүктің иесі кім екендігі әзірге белгісіз. Грузияда тіркелген ұшақ Украина-Солтүстік Корея-Украина бағыты бойынша ұшқан.
XS
SM
MD
LG