Accessibility links

НАТО-ның бас хатшысы Расмуссен Мәскеуге келеді


НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен бүгін жұмыс бабымен Мәскеуде болады. Сәрсенбі күні ол Ресей президенті Дмитрий Медведевпен және премьер-министрі Владимир Путинмен кездеседі.

Хабарларға қарағанда, кездесу барысында Ауғанстандағы жағдай, зымыран қорғанысы мәселелері, сондай-ақ еуропалық қауіпсіздік архитектурасы туралы Ресейдің жаңа ұсынысы талқыланады.

НАТО басшысының Мәскеуге сапары бейсенбі күні аяқталады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG