Accessibility links

Ауғанстан астанасында жарылыс тіркелді


Кабулдың орталық ауданында жанкештінің шабуылынан кем дегенде бір кісі қаза болып, 20-ға жуық адам жараланды.

Жарылыстың күші жақын маңдағы ғимараттардың терезелерін сындырған. Хабарларға қарағанда, жанкешті жарылғышты қаланың дипломатиялық ауданындағы қонақ үйдің маңында іске қосқан.

Кабулде бүгін, жарылыс тіркелген осы ауданда, сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес бойынша конференция өтіп жатыр. Форумда Ауғанстан президенті Хамит Карзай баяндама жасауы тиіс.
XS
SM
MD
LG