Accessibility links

Таиландта ұсталған ұшақты заңсыз қару сатушылармен байланыстырады


Швеция зерттеу орталығының өкілдері Бангкокте үлкен көлемдегі қарумен ұсталған Ил-76 ұшағы ұзақ уақыттан бері қару тасиды деп мәлімдеді. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Стокгольм зерттеу институтының қызметкері Хью Гриффитс лайнердің соңғы тіркелген қожайыны «Бейбарыс» компаниясы, ол заңсыз қару саудасымен айналысушы серб Томислав Дамяновичпен байланысты деп мәлімдеді. Бұған дейін ұшақ таиландтық түрмеде отырған ресейлік Виктор Буттың бақылауында деп хабарланған үш компанияның атында тіркелген.

Гриффитс бұл ұшақ қағаз жүзінде қожайынын ауыстырған, бірақ ол әлі күнге дейін сол жүйеге қызмет етеді деп есептейді. Оның пікірінше, Еуропалық Одақ Қазақстанда тіркелген жүк тасығыш ұшақтарға тыйым салғандықтан, лайнерді Грузияда тіркеген.

12 желтоқсан күні Бангкокте ұсталған Ил-76 ұшағының бортынан 35 тонна жарылғыш, реактивті граната және «жер-ауа» сипатындағы зымырандардың құралғылары табылды. Ұшақ экипажының төрт мүшесі - Қазақстан азаматтары.

Грузияда тіркелген ұшақ Украина-Солтүстік Корея-Украина бағыты бойынша ұшқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG