Accessibility links

Кабулдағы жарылыс кемінде 8 адамның өмірін қиды


Ауғанстан астанасында сейсенбі күні орын алған жанкештілік жарылыстан кемінде 8 адам қаза тауып, 40 кісі жарақат алды.

Ауған ресмилерінің айтуынша, шабуыл президент Хамид Карзайдың бұрынғы вице-президенті Ахмед Зиа Массудты нысанаға алған болуы мүмкін деп отыр.

Ресмилер жарылыстан құрбан болғандар арасында Масудтың екі оққағары болғанын растады. Бұл кезде үйінде болған Массуд шабуылдан кейін сыртқа шыққаны айтылды.

Жарылысқа жауапкершілікті талибандар алып отырғанын айтты.

Бұл уақытта Кабулдың келесі бір аймағында сыбайлас жемқорлық тақырыбында конференция өтіп жатыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG