Accessibility links

Қытай мен Қазақстан атом энергиясы саласында ынтымақтастық құрмақшы


Бүгін Қытайдың “Чайна дейли” газетінде жаряиланғандай, Бейжің мен Астана атом қуатын дамыту жөнінде ынтымақтастық құратын келісім жасауды жоспарлап отыр.

ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлағандай, алғашқыда бұл құжатқа Қытай президенті Ху Дзиньтаоның өткен аптаның соңындағы Қазақстанға сапары кезінде қол қойылуы керек болған.

Бірақ уақыттың шектеулі болуына байланысты келісім жобасы дайындалып бітпеген. Аталмыш келісім Қазақстанның атом электр стансаларына көмектесу арқылы Қытайдың қазақ жерінің бай ресурстарын алуына жол ашады.

Бұл тұрғыда Қытайдың Гуандун ядролық энергетикалық корпорациясы Қазақстанның уран саласында жұмыс істеп жатқанын “Чайна дейли” басылымы атап өткен.
XS
SM
MD
LG