Accessibility links

С. Матаев: Қазақстанның жаңа заңы журналистік зерттеуге нүкте қояды


Қазақстанда қабылданған азаматтардың жеке өміріне қол сұқпау туралы заңы журналисттік зерттеулерге нүкте қояды деді республикалық журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев.

Оның айтуынша, заң күшіне енетін 10 күннен кейін журналистік зерттеулер мүлде болмайды. Бұл туралы Матаев сейсенбі күні Астанада Қазақстандағы жеке өмірге араласпау құқы мәселесі талқыланғанда айтты.

Аталмыш заңға Қазақстан президенті қол қойып, сейсенбі күні баспасөзде жарияланған. Бұл заң бойынша, жеке тұлғалардың өмірі жайлы ақпарат алуға тырысқан БАҚ өкілдері 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қазақстан оппозициясы мен үкіметтек емес ұйымдары бұл заңды сынап, ел шенеуніктерінің өз мәліметтерін қоғамға жарияламау үшін жасаған шарасы деген.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG