Accessibility links

Қызыл крест талибандар қолындағы тұтқындарға барды


Бүгін Халықаралық қызыл крест комитеті өздерінің бірінші рет Ауғанстандағы талибандар қолында отырған тұтқындарға барғанын айтты.

Қызыл крестің айтуынша, қараша айының соңында Бадғис провинциясында талибандар ұстап отырған бірнеше ауғандық әскерилерге кіруге комитет қызметкерлеріне екі рет рұхсат етілді.

Халықаралық қызыл крест комитетінің Кабулдағы делегация басшысы Рето Стокер Ауғанстанда қақтығыс басталғаннан бері қызыл крест өкілдерінің қарулы топтар қолындағы адамдарға баруы бірінші рет болды деді. Және Стокер бұл қадамды оң қабылдады.
XS
SM
MD
LG