Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Копенгаген саммитіне қатысады


Бүгін БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун ауа-райының жылынуына байланысты келіссөздерге қатысу үшін Копенгагенге барды.

Дания астанасындағы халықаралық жиынның жұма күнгі ақырғы келіссөздеріне 120 елдің басшысы қатысады деп күтіліп отыр.

12 күнге созылған конференция ғаламдық жылынудың алдын алуға бағытталған. Бірақ кедей елдер мен дәулетті елдердің арасындағы пікірқайшылықтар мен дау-дамай тығырықта қалып отыр.

Копенгагенге барар алдында Пан Ги Мун дамушы елдер мен дамыған елдердің бір-біріне саусақ шұқшитуын тоқтататын уақыт жетті дей келе, тараптар ғаламдық жылынуға әкелген газ эмиссиясын көбірек азайтуға уәде беруі тиіс деген.
XS
SM
MD
LG