Accessibility links

Әлем жетекшілері Копенгаген саммитіне жиналуда


Дания астанасындағы ғаламдық жылынудың алдын алуға арналған халықаралық конференцияға әлем жетекшілері жинала бастады.

Олар жұма күні ауа-райының өзгеруіне байланысты туындаған ғаламдық жылыну проблемалары бойынша келісім жасаулары керек.

АҚШ президенті Барак Обама 120 елдің жетекшісі қатысатын саммитке қатысады. Ол газ эмиссиясын азайту мен кедей елдерге қаржылай көмек көрсету турасындағы пікір-қайшылықтарға қарамастан, әлем елдері ғаламдық келісімге келеді деген сенімін жеткізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG